Posted in

ӨЗ ЖӨНІМЕН

Өз бетінше, өз шаруасымен. ~ Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп тыйғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған, шыдатпай үзіп, өз жөнімен жүре берген. Сондықтан жазу әдебиетпен қатар қазақтың ауыз әдебиеті жоғалмастан түгел күйінде сақталған. А.Байт. ~ Айсұлу Айназар кейпінің мұндай болғандығына азырақ жайсызданғандай оның бетіне қадала қарады. Айназардың бет-шырайы – өз жөнімен басқа оймен шұғылданып келе жатқандай көрінді. С.Сей. ~ Өмір-керуен тоқтамайды, өз жөнімен көшеді, Мағынасыз бұл жалғанда маңдайыңның соры батпан бес елі. С.Иман. ~  Вагонның сырғымалы есігін сызаттап қана ашып, сығалап қараймыз. Жұмыс киімін киген, әр қайсы өз жөнімен қарбаласып аяқтарын тез-тез басып, кетіп бара жатқан адамдар. Б.Соқ.