Айтқанды істемесең өзіңнен көр; болған (болар) жәйтке өзің ғана кінәлісің (кінәлі боласың), өзіңді ғана айыпта д.м. ~ Айырмашылығы ─ ішкен-жегенін өзіңдікі. Ішің кеуіп өлсең ─ өз обалың өзіңе… Қ.Ысқ. ~ – Түсте мырзаның алдынан табыл. Кешіксең, не келмей қалсаң, өз обалың өзіңе! – деп зірк–зірк етті. А.Смай. ~ Өз пайдаңды білмесең, өз обалың өзіңе де… − әйел бұрқылдап-бұрқылдап кете барды. Н.Дәу. ~ ─ Сен шілдеханадан шыққан түні киіз үйдің ішінде дегеніңе жеткенде, мен сендік болатын едім, – деді бейтарап үнмен. ─ Өз обалың өзіңе. Т.Әб. ~ “Құшағыңды аш, қойыныңа ал! Оған көнбейді екенсің, тулайды екенсің, өз обалың өзіңе, Ждақайдан айырыласың, кәріне ілігесің” деп, салмақ салып келіп отыр. С.Ел.
