Өзіне қиянат жасамайды. * Өз қолын өзі кесе алмайТөбеден Құдай ұрғасын. Базарбайға бата алмай, Төлеген тірі тұрғасын. “Қыз Жібек”. * Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық — бәрі ұласып, оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап, зығырланар еді. Бірақ өз қолын өзі кессін бе? Ж.Айм. * Мұны естігенде орысы айналайын боп қалды. Бірақ өз қолын өзі кесе ме, «Құдайым-ай, ең болмаса орысқа шықпады-ау!» деп тулағанмен кейін келе «Е, әйтеуір, мұсылман екен!» деп амалсыз көңілдерін алдарқатқан болды. Т.Сәу.
