Posted in

БАБЫН БІЛДІ

Баптау, бағу, өсіру, күтім жасау әдістерін жақсы меңгерді; тілін тапты. ~ Бақташы еді Есім қарт, Бабын білген егіннің.  Ғ.Орм. ~ Осы арада маршал Буденныйдың: «Жылқыны бабын білетін, жақсы көретін тәжірибелі, сенімді колхозшыларға баққызу керек»,— деген сөзі есіме түсті… Ә.Әб. ~ Жылқының бабын білетін нағыз жылқышы атаның өзі едің,- деп қынжыла сөз бастады,- жазғы жайылымын, қысқы тебінін көзіңнің қырымен танитын едің. Бір мондыбасты жалдап алармын-ау… үйреніскенше не заман. Амалым бар ма, қайтейін. Өлімге де көнеді кісі.  С.Ом.