Posted in

БАБЫН ТАПТЫ (КЕЛТІРДІ)

БАБЫН ТАПТЫ (КЕЛТІРДІ)
Діттеген ойынан шықты, амалын тапты,  тілеуін орындады, көңілінен шықты. ~ Жайда өжетсініп жүрсе де, топ алдында бір жерімнен дəнекүс шығып қала ма, əлдебіреу тілімді алмай, бетім қайта ма, көптің бабын таба алам ба деп бірі жүрексініп, бірі сыпайысып, бірі ақылдымсып, бірталайы жантайып жатып қызға көз салғанды…  Ж.Айм. ~ Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке- aқ сол қызбен жақын болудың бабын табар едім.  Шәк. ~ Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке- aқ сол қызбен жақын болудың бабын табар едім.  Шәк. ~ Омбыдан келген шенеунік пен көмейі кең Майыр бар. Осылардың бабын табуды Алшынбайдың өзіне тапсырған.   М.Әу. ~ Елеусіз Досов талай елдің, талай жердің қымызын татып керген кәрі таңдай еді. Ішінен: «Шөбінің өзі дәрі ғой бұл жақтың. Ашытушы да бабын келтірген екен сабаз!» деп бір қойды. Т.Әл.