| Нағыз жетілген күйіне келді, баптауы жақсы болды, шабытына келді. ~ Мұрат бүгін ерекше көңілді. Аққұба өңі қызғылт тартып, үлкен қара көзі жайнап кеткен. Бабына келіп, шабыттанған алғыр бүркіт сияқты. Т.Әбд. ~ Шай ішіліп, ет желінген соң қонақ қолына домбырасын алып, құлақ күйін түсіріп біраз бөгелді. Әбден бабына келді-ау дегенде, жөткірініп жіберіп ұзақ жырға басқан. Су төгілмес жорғадай тайпалтты. Ү.Жлк. |
