
Ұйқы көрмей, кірпік қақпай. ~ Түні бойы көз ілмей әрі қорқып, әрі ойланып шыққан. С.См. С. Мұр. ~ Жылға түбінде үш түп ақ сирақ қайың бар- ды. Бұл үшеуі етек- жеңі әлі ендей қоймаған жаңа зиратты көз ілмей күзетіп тұр. Х.Ес. ~ Тұраш көз ілместен ұзақ жатты. Қыстау іші тым- тырыс.
Үйреншікті болды, көзі, еті үйренді. ~ Маған мынау өзім күнде көріп, көзқашты болған күнделікті тіршілік аяқ астынан өзгеріп кеткен секілді немесе осы тіршілікке өзім тұңғыш тап болып тұрған тәріздімін. Т.Әбд. ~ Жылда, тіпті қыстай көріп, көз қашты болған көрінісі болғанымен, дәл бүгінгідей көңілі суынып, көкірегін ызғар қарыған жоқ еді… О.Бөк. ~ Қаланың биік қабатты үйлеріндегі жайлы пәтерлерді мекен еткен қолы бос жандардың көзқашты қылатын дағдылы тіршілігі. Анығырақ айтқанда, тіршілік жоқтықтан уақытты әйтеуір бірдеме қып өткізудің амалы. Н.Ақ.
Бұл суретті мен былтыр, Париждің Булон орманындағы шағын көлдің жағасынан түсірген едім. Ғашықтар скульптурасының жанындағы қос аққудың аймаласуы маңған ерекше әсерлі көрінген болатын.
