Бас сауғалап, асығыс қоныс ауыстырды, үдере көшті. ~ Арқыраған ат мінген, Аббар көшіп, шет қонған, Жай алдына бет қонған, Естерек ұлы Ер Шобан, Жиыныңның ішінде Кімдер бар да, кімдер жоқ, Ашып айтшы сен маған! Шалкиіз жырау. ~ Өйткені жаугершілік, шапқыншылық көріп, аббар көшіп, шет қонып жүргенде сол тәретудің бәрін ұстау мүмкін бе? Б.Қыд. ~ Кіртімізді-қияуымызды қыбайда қалдырып қырғыз ассақ та, аббар көшіп шет қонсақ та көрген күніміз қудалау болды. Б.Қыд. ~ Бірақ қазақтың әйелінің жүзін жасырып, оңаша үйге ұстауына оған экономикалық-әлеуметтік жағдайы мұрсат да бермеген. Өйткені жаугершілік, шапқыншылық көріп, аббар көшіп, шет қонып жүргенде сол тәретудің бәрін ұстау мүмкін бе? Б.Қыд.
