Ашу төкті, айбат шекті; зәрленді.
~ Ордада отыр Зарлық хан, Аш арыстандай ыңыранып, Абжыландай толғанып, Алыссам деп біреумен, Қозғала түсіп ырғалып. “Мұңлық-Зарлық”. ~ Абжыландай толғанып, Қызыл найза қолға алып, Шұбарға қарғып мінеді, Құдайдан медет тіледі. “Алпамыс б.” ~ Дүрия бешпент белсеніп Бұл дүниені кең салып, Алтынды қамшы қолға алып, Абжыландай толғанып, Бұралып кетіп барады, Жын соққандай теңселіп.
