Ұятқа қалды, жұртқа күлкі болды.
~ Жүгіріп келем шарбаққа қарай. Секірдім… Қойсаңдаршы, адамды қырсық, шалайын десе оп-оңай ғой. Осы арада ойламаған жерден масқараға ұшырап, абиырым айрандай төгілді де қалды. Б.Соқ. ~ Оның баяғы даңқына байлар желігіп, әкеп күреске салып, байғұсты әурелеген екен. Абиыры төгіліп қалды… Қатты қарайып, «маған не болды?» дегендей майданнан кетпей, меңірейіп тұрып қалды. І.Жан.
