Posted in

АБҰЙЫР (АБИЫР) БЕРЕ КӨР (БЕРСІН)

Құдайдан қолдау сұрап, жалбарыну.
~ Денесі бір суыды, бір ысыды. Жүректен ытқи тепкен қан, біресе секіріп басына шықты, біресе сарқылып төмен құйылды. «Ә, жасаған!–деді ол бойы дірілдеп,– абұйыр бере көр!..» С.Мұқ. ~ Соның бәріне көңіл аударып келе жатқан Дарқан: “Я Құдай! Абиыр бере гөр!” деп өзінің тегі найманның нағашы жұрты албанның арғы – бергі аруағын шақырып, құдайға сиынып келеді. Т.Рыс. ~ – Аман жеткендерің көрім болды. Сендер қолды болып қалды ма деп, қатты сасқан едік. – Әмісе абиыр берсін! Аллаға шүкір! – десті олар. Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *