Орындалуы қиын, қолдан келмес іс; қияметі көп, аса ауыр жол. ~ Ел аузында «Абылайдың ала туын ала аттанса, артынан еретін аламаны бізбіз» деген аңыз шығады. Ол кездегі елдің өресі жетпейтін қиын істі жұрт «Абылай аспас асу» деп атайды. С.Мұқ. ~ Ол Шудың шұбатылған сары ала қамысына көз жіберіп тұр. Мына жақ — Бетбақтың бедірейген сұр жондары. Арқа қазақтары осынау «Абылай аспас сары белдерді» баса-көктей өтіп, осы жақты қалай қыстайтынына қайран қалады. «Неткен жаны сірі елміз!» Б.Тоғ. ~ Қош‚- дедi‚ – Уа‚ туған жер! Бiр ауыз сөз‚ Бiр ырғақ тiлдiң ұшын орай бердi. Көкiрек қарс айрылды: – Қош‚ туған жер! “Абылай аспас Арқаның сары-ай белi…” К.Мырз. ~ Темір жолдар тартыла, Абылай аспас белдерден. Аса соға, шарқ ұра, Сонау Сібір –Түркістан. І.Жанс.
