Қадір-қасиеттен жұрдай болды, ұятқа қалды.
~ Үлкенің де, кішің де қылқиып, осы көк суға телміріп кеп отырғандарың. Біреуің айдың–күннің аманында жұтап, семьяны да жұтатып. Біреуің тәп–тәуір абыройдан айрылып! .. Шаруа дейді ғой!.. Қ.Ысқ. ~ Анау дірілдеген жолақ сәуледен Қатираны, абыройдан айрылған Қатираны көргендей көздері кең ашылып барады. С.См. ~ ─ Мыналарға жақсылық жасаймын деп, ана жақтағы абыройыңнан айрылып қалып жүрме, – деді Тауман даусынан бекітіп. Т.Әбд. ~ Не бірін-бірі тосаңсып, жатырқап қалғаны, болмаса өзге бір себептің барлығы сезілер еді. Ол себеп: «Абиұрынан айрылған Ақбілекті қалай өмірлік жар қыласың?» деуге Ақбергеннің аузы бармай, «Ақбілекті әлі де болса аламын» дегенді Бекболат та ашып айта алмай келе жатуы еді. Ж.Айм.
