Мінез-қылығы ұқсас, бір адамдай (көбіне кекесін ретінде айтылады). ~ Сол қалыптарына қарап, Нұрбек сияқты қалжыңбас бозбалалар, «ағама жеңгем сай» дегендей, «тең-теңімен, тезек қабымен» дегендей, «екеуін құдайдың тауып қосуы-ай!» деп күлісіп жүрген. С.Мұқ. ~ Сол Сақардың әйелі Ілгек «Ағама жеңгем сай» дегендей, өзінен өткен өжет болып шықты… Көпшілік: «Сақардың қатыны өзіне қайым» десетін. Ү.Жәл. ~ Уау, Бейсенбек! Жылқыда өт, төрешіде бауыр, құста сүт болушы ма еді? Ағама жеңгем, апама жездем сай демекші, өзіңе балаң да сайма-сай екен ғой! – депті төреші Тайжан. БС. “Екі суайт”.
