Көңілі ештеңеге елең етпейтін, сезімсіз адам туралы. ~ Ақжелке сияқты өзінен бір елі төменге құдайсып, өзінен бір саты жоғарыға “алдияр, тақсыр” деп бас иіп жорғақтап, пендесіп тұратын нәрсіз, ой-санасыз, ағаш адамға бүгінгі Ұзақ ісі естіп, біліп, көрмеген сұмдық сияқтанған. М.Әу. ~ Жазушы атаулыдан айналмаспысың осындайда; Еркені бір сәтке болса да еліктеген қалпынан суырып алды– ау. Әлгінде ғана ағаш адам сияқты еді, енді міне көзінде ұшқын ойнайды. М.Сүн. ~ Тентек Бестай қатып қалған ағаш адам сияқты, ат үстінде үн-түнсіз қопшиып отыр. З.Нұр. ~ Мағжан баяғы ағаш адам қалыбынан танбай «үміттендім, салыстырдым» деп жауап берді. М.Жұм.
