Posted in

АҒЫ АҚ, ҚЫЗЫЛЫ ҚЫЗЫЛ

Ажары ашық, жүзі шырайлы; бояуы қанық; жалған боямасы жоқ. ~ Әйгерiмнiң ағы ақ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрынғы бiр Абаймен ыстық шағындағы, сауық-сайран салған, шексiз ән сызылтқан күндерiндей көрiктi екен. М.Әу. ~ Гүлқаныс бәйбіше ағы ақ, қызылы қызыл, – ажары еніп, түріне кіріп, ақ мамықтай үлпілдеп, жас тайлақтай елпілдеп: «Ақ мамық бота форым!» – деп, ауызға ілініп, қозы бұғы, қой саныға өзі бала берерлік әулие болыпты. М-Ж.Көпей. ~ Оу, әпке, жездемiз шауып жүр. Ағы ақ, қызылы қызыл дегендей, қалмақ уаңының оң қолы болып алыпты, – деп, Нұрәлi би үрей билеген әпкелерiн бiр тыныштандырып алып, әңгiмесiн әзiлге қарай бұрған. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *