Posted in

АҒЫН СУДАЙ (ЕКПІНДЕДІ , ТАСЫДЫ т.т.)

Жаңа қарқын алды, тоқтаусыз алға жөңкіді, тегеуіріні асты. ~ Сабыр қылсын, жайыңды Білер ме екен бекзатым? Көңіл аулап, сөз айтар Арадағы тілхатым, Ағын судай екпіндеп, Лайы жоқ суатым, Ауру да емес, сау да емес, Құрыды әл-қуатым. Абай. ~ Осыны айтып Сұраншы Ағын судай тасынып, Ашулы көзі жалтылдап, Жайнаған шоқтай шашылып. Ж.Жаб. ~ Жаңағы әңгімеден кейін, таныстығымыз бөгеуін алған ағын судай жылжып жүре берді. Жүре-бара бірімізді біріміз шайға шақырыстық. С.Шайм. ~ Жігіт тротуар бойын қуалай көз салды. Ойланды. Ағын судай лекіп аққан қарақұрым халық. М.Қаб. ~ Ертіп алып соларды, Тағы бір күш қосылды, Ағын судай жосылды, Төкеұлы Хакімбек Ер Сардарға жақын кеп. С.Тұрғ. ~ Содан әрі жайыла қаптап келіп, мың тарау бұлақтар тоқайласқан бір арнаға кептелгенде бүкіл аңғарды кернеп, ағын судай арқырайды. Е.Әл. ~ Ызғырық ағын судай жосылып, пальма бұтақтары бұрқ-сарқ сапырылысып, бір жаққа жөңкі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *