Posted in

АДАЛ СҮТ ЕМГЕН (ЕМДІ)

Әке-шешесінен оң тәрбие алып, өнеге көрген, перзенттік парызына адал жан. ~ Өлесің, артыңда көп мал қалады, Көріне кімнің малы бір барады?! Адал сүт емген бала қалса артыңда, Көп болса, асың беріп, там салады. А.Байт. ~ Ой, дүние-ай! Он бес жыл өмір сүрер ме едім? Қарабектің жетілгенін, адал сүт емген ұл болғанын көрер ме едім? Ж.Айм. ~ Әр нәрсені орынсыз сапырып соғып, біреуді жазғыру, қаралау дегенге жоқ адал сүт емгендігін түсінді; кісінің жан-күйін қабағынан сезеді, әрі көңілі кең. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *