Posted in

АДАМ БАЛАСЫНА (ТІРІ ЖАНҒА, ЕШКІМГЕ) ҚИЯНАТЫ ЖОҚ

Ешбір адамға зиян келтірмейтін, бейкүнә жан. ~ … енді серігі шер болды-ау, шерлі ағам қашан сенің шерің тарқаған, адам баласына титімдей қиянатың жоқ асыл ағам неден ғана сенің жолың болмайды. С.Жүн. ~ Ылғи бір паң, кірпияз арудай тәніне лас жуытпай, таза жүреді. Жат иіс болмайды. Тегіне тән бір танауға жағымды майда қоңыр иісі бар. Тірі жанға қиянаты жоқ, маңқиып жүрген аңқау жануарлар. С.Ел. ~ Отбасында жолы болмаған, домбырасын тыңқылдатып қойып, бір үйде баласымен бірге өмір күйін шерткен қазақы адамды бәрі де іштей жақсы көреді; ешкімге қиянаты жоқ, біреу қиянат көрсе өлгенше болысады. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *