1. Ер жетті, өз қолы өз аузына жетті, азамат болды. ~ Төлегенін он екі жасында қалаға оқуға беріп еді. Алты-жеті жыл оқып, міне адам болды. Ж.Айм. ~ ─Үміт еткен шырағым ең, – деді Асқар Бәйтенге бұрылып. – Оқыдың, адам болдың. Т.Әбд.
2. Ел санатына қосылды, жұрт қатарлы тірлік кешті. ~ Өз қолы өз аузына жетіп адам болды. С.Жүн. ~ Біз кім едік, Толғанай? Міне осы ел, осы жұртпен адам болдық. Жақсылығын көрдік. Енді жамандығына тұс келгенде, әрқайсымыз өз басымыздың қайғысын тартып егіле берсек, біздің адамшылығымыз қайсы? Ш.Айт.
3. Дертінен айығып кетті. ~ Бастықтың одан кеміген түгі жоқ: ағы ақ, қызылы қызыл. Алшағыр лезде адам болды; қырыс-тырысы жазылып, жүзіне қызғылт рең жүгірді, көзі құбыла бастады. М.Қаб.
