Posted in

АДАМ САНАТЫНА ҚОСЫЛДЫ

Өркені өсіп, ел қатарына енді, көпшілік жұртпен теңесіп, адам болды.~ Көзін ашып, адам санатына қосылам деп ұмтылғанда, Малжан секілді байлардың тегеурінін көріп, мазағына қарсы тұрып, ашынып өсіпті. С.Жүн. ~ Он сегізге жаңа келген балғын жастың мұң-зарына мейірімсіз әке құлақ аспайды. «Оқу оқып, адам санатына қосылайын, бақытқа жетейін» десе, «жын-шайтанға еріп, бұзылып кетесің» – деп қия бастырмайды. С.Ом. ~ Үлкен Нарындағы ательеге тіктіріп ушеуі де су жаңа кәстөм киіп қайтысты… Осы күннен бастап мен де өзімді адам санатына қосылғандай сезіндім. Қ.Ыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *