Бірбеткей, қияңқы, аусар. ~ Сонда Айдекеңнің көк долы, адуын мінезі айқұлақтанып, пәле бастаған. Т.Рыс. ~ Палуан әженің ат үстіндегі кісіні жұлып алатын адуын мінезі Аққұм түгіл, ауданға мәшһүр. М.Қаб. ~ Осындайда қар бұзар жастардан “филосов” Жиенбай мен ақын Кенжебек, үлкендерден ауыл адамы болғанымен, аңғарлы, адуын мінезді Дарқан да сөзге шешен, іске пысық кісі. Т.Рыс.
