Posted in

АЗ АТА

Саны аз, қорғаны жоқ, әлсіз ру. ~ …”Бір күн болмаса, бір күні ісім түсе ме?”, — деп, жалтақ көз болып жүретін кедей-кепшік аз ата бұндай соғыстардың барлық ауыртпалығын өз мойындарымен атқарды. М.Әу. ~ Ел біреңкей, ал болыс пен орыс бірөңкей сықылданды. Орыс өкімдері ел ішіндегі жуандарды, байды қолдады. Кім малды болса, әкімге жақын болса, сол өзге көпке өкім қылды. Аз атаның баласы жуанның жұлығына жамауға қойынды болды. І.Жан. ~ Тамыз айының басында, шөп науқанының қайнаған кезінде Ақсуатқа Нияздың Нұрбегі келді. Нұрбек қойбағардың аз атасының біріне жататын. Т.Әб. ~ Қыстаубайдың кекетіп отырған Жәркесі – көкесінің руы. Көп өспеген, аз ата. Шетінен кесек бітімді. Апыл-ғұпыл бірдеңені бүлдіріп тастап, артынан өкініп бармақ шайнап жататын албырт та аңғал. Т.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *