Posted in

АЗАР БЕРДІ (КӨРСЕТТІ)

Жәбірледі, қорлық көрсетті, азапқа салды, запа шектірді.
~ Миллиондар жасаған байлық бір-ақ Күн ішінде таланды жоқ боп құрып. Нарық солай халыққа азар берді, Еңбек орным тамұқтай базар болды. Т.Абдр. ~ Әр түрлі жабір-жапа, зорлықпенен, Халықтың азар берді біразына-ай. Т.Ізтіл. ~ Жаста көрген азаптың тебіні қартайғанда азар береді. Б.Қыд. ~ Егер бұл елден ерек боп жаратылса … “халық қанаушысы, алдауыш” деп жала жауып, қаладағы түрмеге апарып жауып тастағанда, азар берушіге “кереметін” көрсетпес пе еді. О.Сәр. ~ – Бұл қалай, отағасы? Мына жігіттің меншікті малына азар көрсеткеніңіз рас па? О.Сәр. ~ Бірақ мені қабыл алды. Бәрі орыс демей. Балтасыз… Мен қонақпын! Құлдыққа сатпасына, азар көрсетпесіне көзім жеткен. Тегіміз бөтен болса да, түбіміз бір. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *