Құрдан бос арқырап, зәрені алды. ~ Бертін ері келе Күнтай орда ауылдан қарашы ауылға еріксіз көшті. Көшпейін деп еді,
ерінің ыстық қабыры суымай жатып, Шепе азбан айғырдай азынап маза бермеді. С.Мұқ. ~ Енді бәрі бір жер түбіндегі оның
ықпалынсыз мында да үйірге қосылып бүйіріміз шығар түрі жоқ қой. Қашанғы қасқыр шапқанда ғана керек азбан айғырдай
босқа азынай береміз? Біз де ұтырын тауып қимылдап көрейік те… Бәлкім, сәті түсер». Ә.Кек. ~ – Ұйқылы- ояу шатасып…
Сені басқа біреу ме деп… “Азбан айғырдай кісінейді. Пақырды бауыздап қана бақырта салар ма еді? Айқайға аттан
қосқандай даңғырлауын! Қосақ арасында қосыла шаптым дейді – ау ертең әлі…” C.См.
