Posted in

АЗУ ТІСІН (АЗУЫН) ҚАЙРАДЫ (ШЫҚЫРЛАТТЫ)

Өшікті; тістене кіжінді, сұс көрсетті. ~ Тырп етті-ақ, аспан астына қанды көзін қадап, тапжылмай аңдып жатқан алапат аждаһа азу тісін оқыс қайрағандай айналасы қарш-қарш етіп қоя береді. Ә.Кек. ~ Азу тісін сындырып жіберетіндей, шақыр-шұқыр тістеніп, етпетінен гүрс құлады. Ә.Кек. ~ Тершіген беті ызадан лау – лау жанады. Тұла бойы жеңілденіп алған бұлшық еттері шиыршық атып бір арсы – гүрсі айқасқа тіленеді. Күн ұзақ күттіруден ойылып іскен аяғының ауыруы сезілмейді. Азу тісін қарш-қарш қайрап, кішкентай жылан көзі шырадай жанып жанығады. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *