Сұстанды, сес көрсетті, күш танытты. ~ — Бір жанжалшыл неме екен, — деді Ағанияз әмірші, — бар бақыты осы бір бес-алты носилка балықта тұрғандай, аспандағы айға қол созып кердеңдейді. — Тез байымақ шығар, — доңыз аттас азу тісін ақситып, кекесінмен күлді, — сенің атың кім? Ә.Сәр. ~ Кешегі дыр-думанның бәрі ақ қаптал ұлықтың сырт көзді алдарқатар айла-шырғасы болып шығып, оңаша жолығыста азу тісін ақситып жүрсе не демекші? Ә.Кек.
