Posted in

АЗУЫ АЛТЫ ҚАРЫС

Түсі сұсты, ызғарлы, қаһарлы алпауыт адам. ~ Шамасына қарамай, азуы алты қарыс халдайлармен тіресетін ойы бар.
Қ.Жұм. ~ Қашан сондай бір елшілік орысқа бара жатып, ойраттарға қолды боп кеткенше солай бола берді. Ал, әлгі бір оқиға
азуы алты қарыс әз Тәукенің ел алдындағы беделін шайқалтып жібергендей болды. Ә.Кек.~ Әкесі Тойшы Қаратал бойының
азуы алты қарыс арыстаны Жалмендемен алысып еді. Б.Тоғ. ~ Санжар мәнісін кейінше түсінді. «Тендер» дегенің қып-қызыл
ақша екен: осынау аузы алты қарыс алпауыттар гүлге үймелеген бал арасына ұқсап … өліп кете жаздайды. Д.Дос. ~
Өмірдің басқа өрісі тарылғаннан қанша ойланып бұлқынғанмен, енді босанып кету қолынан келмейтінін
ұғынған Майра қайратқа мінеді. Аузы алты қарыс күндестің аңдыған – баққан өсегіне, бай ауылының
бықсыған сасық әдет-ғұрпына қарсы тұрады. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *