Қаһарланды, ашуға мінді. ~ Тымық ауаны ызалы айбат шашқан арсыл-гүрсілге толтырып, қар бората алысып, төңірегін ақ түтек топырға айналдырды. М.Мағ. ~ Маған қарап, қарға тұяқ жұдырығын түйіп, бірдеме деп кіжінген тәрізді болады. Терезеден о да бізге айбат шашқан болады. С.Сей. ~ Нарғазы да дүниенің бәрін ұмытып, даудың қызығына түскен. Екі білегін түрініп, берсең де бересің, бермесең де бересің дегендей кейіп танытады. Әдемі қара мұртының әрбір түгі едірейіп айбат шашып тұрғандай. К.Қаз. ~ Келер мезетте сойдақ-сойдақ, сап-сары, қарыс сүйем қос-қос азулы жеміт аузын арандай ашқан да, шырылдай дір қаққан дəрменсіз баланы бел ортадан қаржи тістеген; басын кегжитіп, езуінен айбат шаша гүр етіп, бүктеле бұрылған да, киіз есікті серпе ашып, сыртқа бір-ақ қарғыған. М.Мағ. ~ Екi қолын сәл көтере, ажарынан айбат шаша Нұрмира жебедей суырылды. — Бүгiн мен жолға дайындаламын, оны-пұнымды реттеймiн.
