Posted in

АЙДАН (АЙДАЙ) АНЫҚ (АЙҚЫН)

О бастан белгілі, дау, күмән тудырмайтын жәйт туралы. ~ Есік ашса кең аспанның күймесі, Айдан анық маған орын тимесі. Уа, дариға, жерге түспес жұлдыздар Сенің алтын омырауыңның түймесі. Н.Айт. ~ Осы антұрған намысқа қызып, біздің сыртымыздан неше түрлі пәле қарастырып жүр дейді. Қанайдың жай-жапсары бізге айдан айқын. С.Ом. ~ Балпық – батагөй қария, ділмәр шешен ғана емес, ел басшысы – көсем болғаны айдай анық. Б.Тоғ. ~ Жомарт үшін бәрі де айдай айқын, анық көрінетін. Махаббат жайлы ол ешуақытта пәлендей мән беріп, жөн сөйлеген емес. Ә.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *