Posted in

АЙДАП КЕТТІ

1. Барымталап, біреудің ұрлап әкетті. ~ Кейін бәрі де қайта жиылып келіп, “малымыздың төлеуі” деп, боз атты шығарып алыпты. Айып-қиыбы деп, қызыл сиырды айдап кетіпті. М.Әу. ~ Жәніке-Сарының тентек ұлдары, жұтта кеткен есесін көршілерінен қайтарады. Бақа бастаған жеті жігіт кейіндеп қала берген. Мойынқұмда отырған Ұлы жүз аулының бір бөлек жылқысын көтере айдап кетті… З.Шүк.
2. Біреудің көлігін заңсыз түрде жүргізіп әкетті; машина ұрлап қылмыс жасады. ~ Оралда бір аптаның ішінде үшінші мәрте бөтеннің көлігін айдап кеткен 8 жастағы мектеп оқушысы полицияның қолына түсті. БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *