Posted in

АЙДАҺАРДАЙ (АЖДАҺАДАЙ) ЫСҚЫРДЫ

Адам шошырлық дауыспен қорқытып-үркітті, мысын басты. ~Тарылмады қарасаң, Қосайдың батыр тынысы. Жауар бұлттай түнерді, Айдаһардай ысқырды, Ен қалмақты тықсырды. БС “Қосай б.” ~ Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! — деп ат үстінен айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қамшысы бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын тіліп түсті. С.Мұқ. ~ Ал тапа-тал түсте, халық көзінше, айдаһардай ысқырып, бетіне жан қаратпай тұрған Бердібекті өлтірсең – онда бір сәрі. І.Ес. ~ Қызылқұм аждаһадай ысқырды. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *