Posted in

АЙДАҺАРДАЙ БҮКТЕТІЛДІ (БҮКТЕЛДІ)

Жер бауырлап, ирелеңдей қозғалып, алға қарай жосыла жөңкіді. ~ Кетсем бе екен Шолақтауға? Алтынды күректеп алатын Шолақтауға? Сары сағым-сары айдаһардай бүктетілді, бүлкілдейді. Бірте-бірте сары өзен тасып жатқандай болады. Ш.Мұр. ~ Кемеріне сыймай лықылдап, буырқанып тұрған өзен арнасын ашып жібергендей, лақ етіп төгілген бұйра толқын кең жазықта айдаһардай бүктеліп, зымырап барады. С.Жүн. ~ «Арыстанның жалындай бұйра толқын» Терекке емес, тура осы Шуға арналып жазылған десең қателеспейсің, айдаһардай бүктеліп, жүз толғанады. Б.Қыд. ~Тастың екінші бетіне мен де осы өлеңнің Абай қолынан шыққан аудармасын жазып ем: — Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған, тасты жарып, Арыстанның, жалындай бұйра толқын — Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып… Ғ.Мүс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *