Posted in

АЙДЫҢ, КҮННІҢ АМАНЫНДА

Ел аман, жұрт тынышта. ~ Езуіңді ұрайын, мұндай қатынжанды боларсың ба? Тапа-тал түсте кім жейді дедің қатыныңды, сонша алабұртып, айдың, күннің аманында? C.Мұқ. ~ “Күлгеннің басына берсін, мейлі ғой… кінәңді көтереді қайта”. Сандырақтағаны ғой, әйтпесе, он екіде бір гүлі ашылмаған періште жас қызда қандай күнә? Атастырған жеріне айдың, күннің аманында барса болды деп тілейтін. Ш.Құм. ~ Кенет, сырттан бәйбішесінің шаңқылы естілді. Зәнталақтың өстіп айдың-күннің аманында қарадай шыжбалақтайтыны бар. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *