Аяқ астынан, оқыстан шыққан қатты дыбыс (дау) . ~ Көздей тесіктен бір қысық көз сықсың ете қалды да «Посуды! » деген айқай шықты. Қолқанат екі тостақ, екі күрешкені сарт ашылған төрт бұрышты тесіктен кезекшіге ұстатты. Қ.Түм. ~ Күндегі қымызға келетін төңіректің жаман тымақтары да келе бастады. Бір уақытта даладан: «Әкетті, әк–кетті! Тарт–тарт!…» дескен шуылдаған айқай шықты. Б.Май.
