Есебін тауып, жеңіп кетті; мерейі үстем болды; қулығын асырды. ~ … қазекемнің балалары болмаса, онан басқа халықтың бәр-бәрінің де құлқы, пейілі, пиғылы өзгеріп, заманына қарай амалын жасап, қолынан келгені заманы қасқыр болса қасқыр боп, түлкі болса түлкі болып құйрығы бұлаңдап айласын асырып бағар-ау! Ә.Нұрп. ~ Бұлт та айласын асырып, аспанның терістік қапталын көбелей орағытып, тау бөктеріндегі ауылды қоршай төніп кеп қалды. Ш.Мұр. ~ Десе де,айласын асырғысы келген қытай ұлығы Әліпті бірден қабылдай қоймады. Ж.Шәк. ~ Әбілқайыр тағы да ішін ашпай, сыздана сөйледі. – Күш асырмасақ, айла асырармыз. Ә.Кек.
