Posted in

АЙНАДАЙ ЖАЛТЫРАДЫ

Жып-жылтыр боп көзге ұрып тұр. ~ Көл ортасында қалың, жасыл ала қамыстың айналасы айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шаңқиып екі жұбай аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. С.Сей. ~ Же, Мерғали, тойып ал! – дейді де, тостағанға таман өзі де бір итініп қалады. Бірақ, көзді ашып-жұмғанша тостаған айнадай жалтырап шыға келеді. Мерғалидың шұрылдап тұрған жұмырына екі қасық арпа көже жүк те болмайды. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *