Posted in

АЙНАДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН

Күнге шағылысқандай мөп-мөлдір, тап-таза. ~ Есенейдің өз ауылы айнадай жарқыраған екі келдің ортасына, жазыққа қоныпты. Алты-жеті ақ үйдің ортасынан Ұлпан өз отауын да танып келеді. Ғ.Мүс. ~ Біздің араның аспанына бұлт үйірілудің қызық бір бейнесі бар: күндіз айнадай жарқыраған ап-ашық аспанға, ойда жоқта, үлкендігі тоқымдай ғана аппақ бұлт пайда болатын да, біртіндеп қоңырлана бастаған ол, бірте-бірте үлкейе беретін… С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *