1. Қалай болса солай, астан-кестен, ашық-шашық жатыр д.м. ~ Тарсыл-гүрсілден жер қозғалып көк аспан қара түтінге толып кетті: жел кептіріп күн қақтаған тас төбелер айра-жайра болды да қалды. Б.Тоғ.
2. Мәз-мейрам болды. ~ Не боп қалды сонша күңіреніп. Құрдас аман ба өзі, әйтеуір? – Аман. Жау алушы ма еді ол зәнталақты! Айра-жайра боп отырған шығар жері кеңіп! – Жері кеңігені қалай? – деді Қосымхан тақымдап. Т.Сәу.
