Берекесін кетірді, шырқын бұзды. ~ “Әттең, әне бір заман болғанда ит жеккенге айдатар едім” – дей берді де, “ит жеккен демекші” деп аяқ астынан өз сөзін өзі айрандай ірітіп, әңгімені ит жөніне бұрып жіберді… Ә.Нұрп. ~ – Жақыныңды жат, татуды араз қылған заман… Күні кеше уыздай ұйып отырған ел едік… Жаңа өкімет айрандай ірітті… Үлкенді кіші, кішіні аға сыйлаудан қалды… Б.Тоғ. ~ Іле айрандай іріп, әлем-тәпірігі шыққан бұның бетіне қарап шошып кетті: біреуді тонап келді деп ойласа керек. Т.Сәу.
