Posted in

АЙТА БЕРСЕҢ

Шындап келгенде; бұл әңгіменің бер жағы ғана деген мағынада. ~ Қасиетті кітапта: “Алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң барып қана өзгеге қол ұшын бер”. Айта берсең, адамның оңы мен солы іспетті керағар, қайшылас тіршілік. Ж.Аяз. ~ Дәурен-ай, айта берсең кеп қой тарих, Көргем жоқ кісі күндеп, кек қайтарып… Ғ.Қай. ~ Арбамды тоқтата салып, таңғы атырапты тамашалап қарап тұрмын. Осы бір сәт жер үстіндегі ең бақытты, ең күшті, айта берсең ең сұлу адам мен едім. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *