Біреудің арандатуына, өсек-аяңға құлақ асып, жетегінде кетті, айтқанын істеді.~ Ал егер де олар Саймаранның маған қарсы атқан оғы, шапқан қылышы болса ше? Айтағына еріп қабатын иті болса ше? Ол иттер мені кеше соның айтағымен талаған жоқ па? Адам айтақтаушыдан бұрын айтаққа еріп келіп қапқан итті ұрмай ма? Бұл да сол сияқты емес пе? Ә.Әб. ~ «Очерки по истории калмыкского народа» деген кітаптарында қалмақ тарихшылары: біз өз трагедиямызды өзіміз жасадық, айтаққа еріп тыныш жатқан ағайын қазақтарда неміз бар еді деп жазады. Қ.Ысқ. ~ Байлық қуып, елін, жерін сатып кеткен кейбіреулердің айтағына еріп, арандап қалмайық! Ж.Сүл.
