Posted in

АЙТҚАНЫН ІСТЕП, АЙДАУЫНДА ЖҮР

Біреудің қол астында, ықпалында жүр. ~ Осыдан жеті жыл бұрын маған көне сандықтан жаңғақ алып беретін бүкір кемпір Оразкүл қазір біздің үйде. Үш баланың бастығы − сол. Мұртазадан қалған үш жетім сол бүкір кемпірдің айтқанын істеп, айдауында жүреміз. Ш.Мұр. ~ Бiз сияқты темiрге бастық айтса, бiттi. Бұйрық — заң. Бастықтың ешқайсысы да терiс айтпайды. Бастықтың ғана айтқанын қылып, айдауында жүремiн. М.Қан. ~ Қисықбас бригатқа: – Айналып кетейін Арқанбай- ау, мен жұмыстан қашпаймын ғой. Айтқаныңды істеп, айдауыңда жүрейін, тек менің есегіме тимеші, әкетай шырақ, жұмысқа жаяу жету маған тым ауырлау… Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *