Айтқанын екі етпей орындады; ырқында кетті, құлдық ұрды. ~ Сонда әлгі саулап отырған «сабазың» бірден жым болады. Бұдан кейін ол да бір, мұрындығы тесілген тайлақ та бір, айтқаныңа жүріп, айдауыңа көнбеске амалы қайсы…Ә. Кек. ~ Құдай біледі, айтқанына көніп, айдауына жүрмегесін, ендігі жерде уысынан шығармай, тізгіндеп ұстап отыру үшін мына комиссарды әдейі жіберіп отыр Ә.Нұрп. ~ Абыралы көрінбегелі көп болды, оның үстіне айтқанына көніп, айдағанына жүрген ауыл қызы уысынан шығып барады, осы екеуін де Елтайдан көре ме, әйтеуір, бұл күнде артынан топырақ шашқандай. М. Қаб.
