Айтқанын істететін бірбеткей, кеудемсоқ адам туралы. ~ Уайымының түрін… Есі кіріп, енді келіншек алғалы отырған жігіттің сөзіне қара? Ой, әдіре қал… Апасы көп тәжікелесуді көтермейтін, мінезі шадыр адам. Айтты – бітті. Т. Нұр. ~ Қасқырды қасапшылар жалаңаштап, туырлықтай терісін тірідей сыпырып болған соң, хан: − Енді аузын, аяғын шешіп, қоя беріңдер! – депті. Хан айтты – бітті. Ш.Мұр.
