Posted in

АЙТУҒА АУЗЫ БАРМАДЫ

Шындықты жеткізуге дәті шыдамады; батылы жетпеді. Әлденені айтуға тартыну, ұялу, жүрексіну туралы. ~ Ұрлық жасады деуге аузың бармайды. C.Шай. ~ – Ол не ызғар? Қандай зәр? – деп Барақ даусын қатайтты. – Бар ғой, тақсыр! Соғып тұр ғой екіленіп. Сұмдық қиянат санаймын ба, айтуға аузым бармайды. С.См. ~ Сағатты да, қолды да танып түр. Қайталап қараған сайын көңіл түбінде айтуға аузы бармай тұрған бір күдігін растаған сияқты. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *