Posted in

АЙТЫЛМАҒАН (СӨЙЛЕСЕР, АЙТАР) СӨЗ ҚАЛМАДЫ

~ “Жарықтығым-ай, өзiңде айтылмаған сөз қалмаған ғой! – дейтiн таңдайын қағып. – Дүнияның бар даналық-хикматы алақандай кiтапқа қалай сиып кеткен?” Әкесiнiң Абайға деген шексiз сүйiспеншiлiгi бұған да бала кезiнен жұққан. Т.Сәу. ~ …сол екеуі мен Жапардың арасында болар болмастан басталған кикілжің айқай төбелеспен аяқталды, арада айтылмаған сөз қалмады, кісілердің алдында ұятты ойлап ешқайсысы қымтырылмады, ақыл айтқан, тоқтау айтқандардың сөзіне қонақ бермеді. Ә.Тар. ~ «Шығамысың, шықпаймысың?» — деп созбақтап тұрса: «Не істесе соны істесін», — деп, қолдарын сілтеген. Сөйлесер сөз қалмапты. М.Қаб. ~ … жарыссөзге шыққандар бір-бірімен бәсекелескендей ауызы жеткенше Үлкен Кісіні мақтап еді; ағасына айтар сөз қалмаған сияқты еді; жоқ, ағасы бұл арада да жол тауып шығып кетті… Ә.Нұрп. ~ Ал Шынжаңдағы жаңа әдебиеттің іргесін қалаушылардың бірі, әрі Демежанмен рулас Рахметолла Әбшеұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *