Posted in

АЙШЫЛЫҚ (АЛЫС) ЖЕР

Айлап жүріп жететін алыс жол. ~ Жалқауға от басы айшылық жер. М-Мәт. ~ Құлағына өзі айшылық жерден танитын қара қойдың дауысы естілді. Қ.Түм.~ Ертеде бір ұрылар болыпты ғой, – деп сөзін сабақтады ол, – күншілік жерден алған мал сіңбейді дейді екен де, малды айшылық жерден ұрлайды екен. Ғ.Қаб. ~ Сол жабайылар ІҮ—ҮІ ғасырларда Орхон – Енисей жазуларын тасқа қашаған, арғы шеті мен бергі шеті айшылық алыс жер қағандық құрған. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *