Ұзақ жолды әп-сәтте жүріп өтті. ~ Ел-жұртты жаудан қорғау үшін әскери күш қандай керек болса, жел жетпейтін жүйрік, айшылық жолды алты аттайтын тұлпар да сондай керек болған. Ол күнде жүйрік ат жігіттің сенімді серігі, ұшса канаты боп есептелген. Ә.Мар. ~ Айыбы тек мыңғырған байдың малы демесең, жануар екеуі де қыл құйрықтының жүрдегі! Тұлпар, белкүллі тұлпар! Айшылық жолды алты басатын жез тұяқ! Жаман ағаң атты таба да біледі, айдай да біледі-ау өзі. Х.Ес. ~ Сен ғажайып ертегілердің батыры
Астындағы арғымақ атпен айшылық жолды бір аттар. Өзіңе ғана табынған ессіз мен нәзік ару болайын Тозақ боп сенсіз көрінсін тіпті жұмақ та! Ф.Оң.
