Көңілден шығып, рахат сыйлар; құлақ құрышын қандырар әңгіме (ән, күй т.с.с.) ~ Арқалы, жоталы келген қалың иық, жуан балтырлы атпал азамат, кесек грузчиктер күрессе, нелер алпамсадай жігіттерді жағадан ұстай бере, арқадан соғатын. Иығынан асыра, екі табанын тарс еткізе, шалқасынан құлату “грузчиктер күресі”, “Затонның әдісі” – деп, айт күндерінің айыз қандырар аңызы боп тарайтын. М.Әу. ~ Үш қатынның басы біріксе бір қатынның сорына көрінбек. Бұлардың сорлатпаса да айыз қандырар әңгіме етіп отырғандары өз құдағиларын ың бірі еді. Ғ.Біл.
